Қазақстандықтар шетелдік жарнамаға қалай алданып жүр

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Панамадан берілген жарнама қазақстандықтарды тақырға отырғызып жатыр / фото: KursivMedia мұрағаты
Панамадан берілген жарнама қазақстандықтарды тақырға отырғызып жатыр / фото: KursivMedia мұрағаты

Алматы облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының өкілі Керім Әлібек қазақстандықтарды сақтандырды.

Оның айтуынша, әлеуметтік желіде алаяқтар жиі жарнама жасайды. Оған көбіне егде жастағы адамдар алданып жатады.

«Ең жиі кездесетін алаяқтықтың түрін көрсеткім келіп отыр. Үoutube-те отырған кезде сіздерге осындай жарнама кездеседі. «Каспий І-дан» бастап, ең аз депозит көлемі – 50 000» деп көрсетілген. Сайтқа өту сілтемесін бассаңыз, сізге онлайн брокер хабарласады. Безендіруін қараңызшы, көк туымыз тұр. Егер сол жарнаманың оң жағындағы үш нүктені, сосын «жарнама беруші туралы» деген сілтемені бассаңыз, бұл жарнаманың шетелде жарнамаланғанын көресіздер», – дейді Керім Әлібек.

Бұл жерде жарнама берілген ел Панама деп көрсетілген. Керім Әлібек мұндай жарнамалардан құтылудың жолдарын да көрсетіп берді.

«Құрметті, азаматтар! Осындай жағдай өте жиі кездесіп отыр. Бұл жарнаманы бәріміз көріп отырмыз. Осы жарнамадан бас тарту үшін, сізге көрінбесі үшін не істейміз? Сол жарнаманың жоғары тұсында «шағымдану» дегенді басыңыз. Сонда «жалған ақпарат – алаяқтық» деген сөз кездеседі. Түсініктемесіне «алаяқтық» деп жазамыз. Тіркеліп, электронды поштаны жазып, «жіберу» дегенді басасыздар. Сонда мұндай жарнамалар жиі кездеспейтін болады», – деп түсіндірді маман.  

Айта кететін жайт, алматылық хакер шетелдік компаниялардың серверін бұзған еді.

Сондай-ақ оқыңыз