Референдум кезінде екі адам сотқа жүгінген

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Референдумның түпкілікті нәтижесі жарияланды/фото: Серикжан Ковланбаев

Республикалық референдум күні қазақстандықтардан сотқа екі талап арыз түскен. Бірі – Ақтөбе облысында зағип жандарға арналған бюллетеньдегі брайль жазуының оқылмауына байланысты болса, екіншісі Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі бақылаушының шығарылуына қатысты болған.

Орталық  референдум комиссиясының хабарлауынша, екі талап арыз сотта қаралып, оларды қайтару туралы шешім қабылданған.

«Дауыс беру учаскелерінде 47 мың бақылаушы жұмыс істеді. Ішінде тек 6 адам ғана учаскеден шығарылды. Арасында бір адам бұл шешімді даулап, сотқа жүгінді. Сот оны дауыс беру учаскесінен шығаруға негіз бар деп тапты», – деді комиссия мүшесі Ләззат Сүйіндік.

Жалпы алғанда референдум күні азаматтар 35 сауалмен жүгінген. Көп бөлігі Астана (11) мен Алматыдан (6) түскен. Олар дауыс беру тәртібіне, дауыс беру учаскесін өзгертуге немесе учаскелердің орналасқан жеріне, сондай-ақ заңнаманың бұзылуына қатысты болған.

Бұған дейін Орталық референдум комиссиясы Конституцияны өзгертуге қатысты өткен референдумның түпкілікті қорытындысын жариялады. Нәтижесінде жаңа Конституция қабылданды деп танылды.

Сондай-ақ оқыңыз