ҚТЖ қызметінен бәсекелестікті шектеу белгілері табылды

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: kursiv.media мұрағаты

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астанадағы департаменті «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының қызметінде бәсекелестікті шектеу тәуекелдері барын анықтады.

Агенттіктің мәліметінше, департаментке бизнес субъектілері – «АзияНефтеТранс» ЖШС және «Скинест Рейл Қазақстан» ЖШС жүк вагондарын тіркеу рәсімінің созылуына қатысты өтінішпен жүгінген.

«Өтініштерді қарау барысында вагондарды тіркеудің қолданыстағы қағидаларында өтінімдерді қараудың нақты мерзімі көзделмегені анықталды. Бұл ретте вагондарды тіркеу магистральдық теміржол желісінде оларды пайдаланудың міндетті шарт ретінде қарастырылады әрі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мүмкіндігіне тікелей әсер етеді. Өтінімдерді қарау мерзімінің болмауы рәсімнің созылу тәуекелдерін туындатып, нарық субъектілерінің инфрақұрылымға қол жеткізуін шектеуі мүмкін», – делінген агенттік хабарламасында.

Осыған байланысты департамент ҚТЖ-ға өтінімдерді қарау мерзімін белгілеу аясында жүк вагондарын тіркеу қағидаларына өзгерістер енгізу туралы нұсқама берді.

Айта кетейік, ҚТЖ наурыз мейрамында жаңа рейстерді іске қосатынын мәлімдеген.

Сондай-ақ оқыңыз