Елде әкімшілік істер бойынша алғаш рет рақымшылық жасалады
Жарияланды

Елде алғаш рет әкімшілік істер бойынша рақымшылық жасалады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияны қабылдаған кезде айтты.
Сөзінше, 2025 жылы қылмыстық жауапкершілікке тартылғандарға рақымшылық жасалды.
«Енді азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін бірқатар қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық бойынша тағы да рақымшылық жариялауға болады.
Елімізде әкімшілік істер бойынша рақымшылық алғаш рет жасалатынын атап өткім келеді. Парламент қазіргі сессияның соңына дейін тиісті заң қабылдауы керек», – деді президент.
Айта кетейік, президент Қазақстан Конституциясына және «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қойды.