FlyArystan Алматыдан Самарқанға рейс ашты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Фото: FlyArystan
Фото: FlyArystan

Қазақстандық лоукостер FlyArystan Алматы – Самарқан бағыты бойынша алғашқы FS7879 рейсін орындады.

Компания екі қала арасындағы тікелей әуе қатынасын қайта жандандырды.

«Рейстер 17 наурыз бен 30 мамыр аралығында, сондай-ақ 1 қыркүйек пен 24 қазан аралығында, яғни көктемгі және күзгі маусымда, аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады. Ұшу ұзақтығы екі сағат. Күндізгі рейс уақыты жолаушыларға сапарларын ыңғайлы жоспарлауға мүмкіндік береді», – делінген ақпаратта.

Осы оқиғаға байланысты Самарқан халықаралық әуежайында рейстің қайта іске қосылуына орай символикалық іс-шара ұйымдастырылды. Бірінші болып тіркелген жолаушыға тегін әуебилетке сертификат табысталды. Іс-шара аясында Самарқан қаласының әкімдігі(хокимият), Қазақстан Республикасының Самарқандағы Бас консулдығы және әуежай басшылығы өкілдерінің қатысуымен қызыл лента қию рәсімі өтті.

Самарқан – Орталық Азияның ең көне қалаларының бірі. Ол өзінің сәулет ескерткіштерімен және бай тарихи мұрасымен кең танымал. Негізгі көрікті орындарының қатарында Регистан алаңы, Гур-Эмир кесенесі және Шахи-Зинда сәулет кешені бар.

Айта кететін жайт, қазақстандық лоукостер Батумиге жазғы рейстер санын көбейтпек.  

Сондай-ақ оқыңыз