Атырауда полицейдің арқасына пышақ сұққан әйел 4 жылға сотталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
 Фото: Shutterstock
Фото: Shutterstock

Атырау қаласында полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасаған әйел 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оқиға 2025 жылдың 17 қазанына қараған түні Привокзальный шағын ауданында болған. Учаскелік полицейлер көршілердің шақыруымен келген кезде подъезде мас күйдегі ер адамды анықтап, оны сыртқа шығармақ болған.

Сол сәтте ер адамның жұбайы араша түскен. Өзі де масаң күйде болған әйел алдымен полицейдің бірін жұдырықпен ұрған.

Зардап шеккен полицей қосымша күш шақырған.

Ер адамды ұстап, подъезден шығара бастаған кезде әйел пышақ қолданған. Соның салдарынан тағы бір полицей оң иығынан жарақат алған.

Сот әйелдің асырауында төрт баласы бар екенін, оның екеуі кәмелетке толмағанын ескеріп, жазаны өтеуді 5 жылға кейінге қалдырды.

Бұған дейін оның үлкен ұлы Виталий Пискарёв кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында болғаны хабарланған. Кейін ол анасына уақытша ұстау изоляторына бармақ болып, орталықтан қашып шыққанымен, жолда адасып кеткен.

Жергілікті блогер оған видеоүндеу жазуға көмектесіп, онда ол оқиғаның өзге нұсқасын айтқан.

Алайда құзырлы органдар бұл мәлімдемелер ресми түрде расталмағанын хабарлады. Сонымен қатар, жасөспірімнің орталықтан қашып кетуіне байланысты мекеме директорына қатаң сөгіс берілген.

Сот үкімімен әйелге алкоголизмнен мәжбүрлі ем қабылдау да тағайындалды.

Бұған дейін, Атырауда 9-сынып оқушысы мектепте қыз баланы өткір затпен жарақаттаған

Сондай-ақ оқыңыз