Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заң өзгереді
Жарияланды

Үкіметте баяндама жасаған премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева діни қызмет туралы заңға өзгеріс енгізілетінін мәлім етті.
Министр мемлекеттік конфессиялық қатынастарды дамыту маңызды бағыттардың бірі болып қала беретінін атап өтті.
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңға өзгерістер енгізілмек.
Бұл өзгерістер ар-ождан және дін бостандығы, азаматтардың құқықтарын және қоғамдық қауіпсіздікті қорғау арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге, сонымен бірге мемлекеттің және білім беру жүйесінің зайырлы сипатын сақтауға бағытталған», – дейді Балаева.
Айта кетейік, бұдан бұрын Қостанайда балалар заңсыз діни сабақтарға қатысқаны хабарланды.