FIFA Series: Қазақстан – Намибия ойынының билеттері сатылымға шықты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
сборная Казахстана по футболу, Талгат Байсуфинов, состав, Fifa Series-2026
Фото: ҚФФ

FIFA Series аясында өтетін Қазақстан мен Намибия құрамалары арасындағы жолдастық кездесудің билеттері ресми түрде сатыла бастады.

Матч қашан және қайда өтеді?

Ойын 25 наурыз күні сағат 17:00 де Астана Арена стадионында өтеді.

Билеттер «Яндекс Афиша» сайтында ғана қолжетімді. Ойынға баруды жоспарлап жүрген жанкүйерлер үшін бағалар 2500 теңгеден басталады.

Маңызды ескерту: Сатып алынған билеттер сіз көрсеткен электронды поштаңызға жіберіледі. Сондықтан поштаңызды дұрыс енгізгеніңізге көз жеткізіңіз.

FIFA Series: Бұл матчтың маңызы қандай?

FIFA Series бұл түрлі конфедерация құрамаларына бір-бірімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін жаңа жоба. Намибия құрамасымен өтетін ойын біздің футболшылар үшін Африка құрлығының өкілдеріне қарсы шеберлігін шыңдауға таптырмас мүмкіндік.

Еске сала кетейік, бас бапкер Талғат Байсуфинов Астанада өтетін екі матчқа шақырылған футболшылардың нақты құрамын жариялаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз