Мемлекеттік қызметкерлер үшін тағы бір жаңа ереже енгізілді

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: ашық дереккөзден

Бүгін мәжілісте «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» заң жобасы қаралды. Жаңа заң редакциясына сәйкес, мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін кез келген әрекеттер заңға жазылып, ресми айқындалуы мүмкін.

Сол әрекеттер қатарына есірткі, психотроптық зат қолдану, мас немесе есірткі қолданған күйде көлік басқаруды жатқызбақ.

Сонымен қатар, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын заңсыз пайдалануды анықтау және алдын алу үшін мемлекеттік қызметшілерді медициналық куәландыру талаптары енгізіледі.

Жобаға сай, мемлекеттік қызметшілер өздерін құмар ойындарға қатысудан шектеуге міндетті болады.

Сонымен қатар, жобада уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша төлемдер қылмыстық құқықбұзушылық жасау, сондай-ақ алкоголь немесе есірткі қолдану салдарынан ауруға шалдығу не өндірістік жарақат алу жағдайларында төленбейтіні айтылған.

Бұдан бөлек мемлекетттік қызметкерлер жалақысы туралы да мәселе көтерілді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай сөзінше, олардың жалақысы тек үш жылдан кейін ғана көтерілуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз