Бөгде ғаламшарлықтар ядролық қаруды істен шығарды – АҚШ офицері

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Бұл оқиға бірден құпия деп танылған / фото: ЖИ
Бұл оқиға бірден құпия деп танылған / фото: ЖИ

АҚШ-тың бұрынғы әскери қызметкері 1967 жылы белгісіз ұшатын нысандар ядролық қаруды істен шығарғанын айтты.

New York Post хабарлауынша, АҚШ-тың бұрынғы әскери қызметкері, зымыран ұшыру офицері Роберт Салас 1967 жылы белгісіз ұшатын нысандар (НЛО) Malmstrom әуе базасы аумағында ядролық арсеналды істен шығарғанын мәлімдеген.

Саластың айтуынша, ол жер астындағы зымырандарды басқару орталығында кезекшілік атқарып тұрған кезде, база үстінде қақпаның дәл төбесінде қалықтап тұрған қызғылт-сары түсті жарық нысан байқалған. Осыдан кейін бірден Minuteman құрлықаралық баллистикалық зымырандарының он данасы қатарынан істен шыққан.

«Бұл техникалық тұрғыдан мүмкін емес жағдай еді», – деді ол.

Бұрынғы әскери қызметкердің сөзінше, оқиға бірден құпияландырылып, жеке құрамға болған жайт туралы ешкімге айтпау туралы бұйрық берілген.

Салас мұндай жағдайлар бірнеше рет болғанын алға тартып, АҚШ-тың стратегиялық қару жүйелеріне бөгде ғаламшарлықтардың ықтимал араласуы жөніндегі мұрағаттағы мәліметтерді толық жариялау қажет екенін атап өтті.

Мұның алдында америкалық ғалымдардың ядролық отынмен жұмыс істейтін шағын ұшқышсыз аппарат жасалып жатқаны белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыз