Лариджанидің өлімінен кейін Иран көрші елдерге шабуылын күшейтті

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Бейрут орталығындағы қираған ғимарат
фото: Reuters

Иранның ең ықпалды саясаткерлерінің бірі Лариджани өлгеннен кейін Тегеран жауап ретінде көрші елдерге шабуылын күшейтті. 18 наурызға қараған түні Израиль, Сауд Арабиясы, БАӘ және Ирак билігі елге әуе шабуылы жасалғанын хабарлады.

Израильге ұшқан зымырандардың көпшілігі орта жолда ұсталған. Бірақ «Маген Давид Адом» медициналық қызметі ел орталығындағы Рамат-Ганеге оқ тиіп, екі адам қайтыс болғанын хабарлады. Өзге өңірдегі елдімекендерде жүздеген адам жарақат алған.

Тегаран Израильге барынша зардап тигізу үшін бірнеше зымыран ұшырғанын мойындады.

фото: Reuters

18 наурызда таңертең Дубай мен Бағдад қалаларында жарылыстар болғаны туралы хабар тарады. Кувейт билігі әуе қорғаныс жүйелері іске қосылып, зымырандар мен дрондарды қағып түсіру үшін қолданғанын мәлімдеді.

Ең қатты зардап шеккендердің бірі – Ливан. Ел астанасы Бейрут орталығына бомба түсіп, ғимараттар, тұрғын үйлер қирады. Кем дегенде алты адам қайтыс болып, 24 адам зардап шекті.

Шамамен сол уақытта Бахрейн аумағында да дабыл сиреналары қосылып, тұрғындарды қауіпсіз жерге жасырынуға шақырды. Ал Катар Қорғаныс министрлігі сәрсенбі күні таңертең жасалған зымырандық шабуылды тойтарғанын хабарлады.

Иран неге шабуылын үдетті?

Осыған дейін Иран билігі ресми түрде елдегі жоғары лауазымды саясаткерлерінің қаза тапқанын мойындады. Олардың қатарында марқұм Әли Хаменеиден кейінгі екінші орында тұрған Әли Лариджани және «Басидж» әскери бөлімшесінің басшысы Реза Солеймани бар.

Әли Лариджанидің өлгені туралы 17 наурызда Израильдің қорғаныс министрлігі хабарлаған.

Сондай-ақ оқыңыз