Мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақыты қысқарады, бірақ бәріне емес

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: shutterstock

Мемлекеттік қызметкерлеріне толық емес жұмыс күні мен қысқартылған жұмыс аптасы белгіленеді. Алайда бұл барлығына бірдей емес. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл өзгеріс жүкті әйелдерге және науқас отбасы мүшелеріне күтім жасайтын мемлекеттік қызметшілерге қатысты болмақ. Олар үшін толық емес жұмыс күні белгіленеді.

Жаңа нормаларға сәйкес, жұмыс уақыты күніне 8 сағаттан, аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс. Сонымен бірге, I және II топтағы мүгедектігі бар мемлекеттік қызметкерлер үшін аптасына 36 сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс кестесін ұсынуда.

Басқа санаттағы қызметкерлер үшін де жеке жеңілдіктер қарастырылған.

Толық емес жұмыс уақыты келесі санаттарға қатысты болады:

  • жүкті әйелдерге;
  • үш жасқа дейінгі баласы бар ата-аналардың біріне;
  • науқас отбасы мүшесіне күтім жасайтын қызметшілерге.

Яғни, бұл барлық жұмысшыларға емес, тек белгілі бір мемлекеттік қызметкерлерге арналған.

Сонымен қатар, көлденең мансаптық ілгерілеу тетігі енгізіледі. «Б» корпусының бір әкімшілік лауазымы шеңберінде лауазымдық деңгейлер белгіленіп, әр деңгей үшін жалақы мөлшері айқындалады.

Пилоттық жоба екі жылға жоспарланып, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Әділет және Ұлттық экономика министрліктерінде, Астана қаласы мен Атырау облысының әкімдіктерінде іске асырылады.

Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков мемлекеттік қызметшілердің Еңбек кодексінде көрсетілген құқықтары бұзылып жатқанын айтқан еді. Ол көптеген мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытынан тыс қосымша жұмыс істеуге мәжбүр екенін мәлімдеді. 

Сондай-ақ оқыңыз