Пхукеттен Алматыға ұшқан ұшақ Шымкентке жіберілді

Алматыға келуі тиіс SCAT әуе компаниясының DV-5249 рейсі Шымкентке қонды. Тасымалдаушының онлайн-табло мәліметіне сәйкес, ұшақ Пхукеттен 17 наурызда сағат 16:08-де ұшып шығып, Шымкентке 20:52-де келген.
FlightRadar ақпараты бойынша, билетте бастапқыда баратын жері Алматы деп көрсетілгенімен, рейстің бағыты түзетілген. Бағыттың өзгеру себептері әзірге нақтыланған жоқ.

Бұған дейін қазақстандық әуе компаниялары Таяу Шығыстағы қақтығыс аясында әуе кеңістігіндегі шектеулерге байланысты бағыттарды түзету қажеттілігіне тап болған еді.
Kursiv.Media Алматы әуежайына, SCAT Airlines және Air Astana компанияларына сауал жолдады. Материал жарияланған сәтте шұғыл түсініктеме алу мүмкін болмады.
Бұған дейін Air Astana Дубайға билет сатып алу мен ұшуға салынған тыйымды наурыз айының соңына дейін ұзартқаны хабарланған болатын. Шектеулер Алматы мен Астанаға қатысты.