12 араб және мұсылман елі Иранды шабуылдарын тоқтатуға шақырды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Иран көршілеріне соққы беріп жатыр / фото: REUTERS/Rami Shlush
Иран көршілеріне соққы беріп жатыр / фото: REUTERS/Rami Shlush

12 араб және мұсылман мемлекетінің сыртқы істер министрлері Иранды шабуылдауды тоқтатуға шақырды.

Interfax мәліметінше, олар бейсенбі күні Эр-Рияд қаласында өткен кездесуден кейін бірлескен мәлімдемеде жасаған.

Онда «Иранның баллистикалық зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып, тұрғын аудандар мен азаматтық инфрақұрылым нысандарына, соның ішінде мұнай объектілеріне, тұщыландыру қондырғыларына, әуежайларға, тұрғын үйлерге және дипломатиялық өкілдіктерге бағытталған қасақана шабуылдары» айыпталды.

«Қатысушылар бұл шабуылдар ешқандай сылтаумен және ешбір жағдайда ақталмайтынын атап өтті», – делінген құжатта.

Мәлімдеме Әзербайжан, Бахрейн, Египет, Иордания, Кувейт, Ливан, Пәкістан, Катар, Сауд Арабиясы, Сирия, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктері атынан сөз сөйлеген сыртқы істер министрлері атынан жарияланды.

Ал QatarEnergy компаниясының хабарлауынша, Рас-Лаффан өнеркәсіптік қаласына жасалған кезекті ирандық шабуылдардан кейін сұйытылған табиғи газ (СТГ) өндіретін бірнеше зауытта өрт шыққан.

Жаңа шабуылдар салдарынан «айтарлықтай қосымша залал» келген. Жедел әрекет ету топтары «дереу жұмылдырылған». Ал қаза тапқандар туралы мәлімет түспеген.

Айта кететін жайт, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ядролық соққы салдарына дайындалып жатыр

Сондай-ақ оқыңыз