«Әмір Темір» туралы тарихи фильм 120 елде көрсетіледі

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Жандос Айбасов, Еркебұлан Дайыров және Санжар Мади ойнаған / фото: gazeta.uz

Қазақстан мен Өзбекстанда түсірілген тарихи «Әмір Темір» фильмінің премьерасы 2 сәуірде өтеді.

Фильм XIV ғасырдың ортасында Монғол империясы құлағаннан кейін Ұлы Жібек жолы аймағының саяси тұрақсыз жағдайын суреттейді. Даңқты қолбасшы Ақсақ Темірдің тарих сахнасына қалай шыққанын баяндайды.

Негізгі рөлде Кристиан Мортенсен

Gazeta ақпаратына қарағанда, фильм тарихи әскери эпос ретінде ұсынылып, 16+ жас рейтингін алды. Жоба халықаралық продакшн компаниясы Mystery Box, сондай-ақ 7SABER және BWG Production бірлесіп жасаған.

Негізгі рөлді Кристиан Мортенсен сомдады. Ол Лондон сахнасында «Кориолан» және «Генрих V» Шекспир қойылымдарымен, сондай-ақ «Medal of Honor: Warfighter» жобасындағы басты рөлімен танымал. Барлық трюктарды өзі орындаған.

Қазақ актерлерінен кімдер ойнады?

Ұлжай рөлін белгілі өзбек актриса Юлдуз Ражабова ойнады. Сонымен қатар Махеш Джаду Хуссейн рөлін, монғол актриса Дулгуун Одху Хуссейннің әйелі Сарай рөлін сомдаған.

Жандос Айбасов, Еркебұлан Дайыров және Санжар Мади сияқты актерлер қосалқы рөлдерде ойнаған.

Фильм режиссері – Джейкоб Шварц, ал сценарийдің авторы және атқарушы продюсері – кәсіпкер Бехруз Хамзаев.

Қай елдерде көрсетіледі?

Трюктарды Nomad Stunts командасы ұйымдастырды.

Фильмді таратудың құқықтары 120-дан астам ел мен аймаққа сатылған. Оның ішінде ТМД елдері (Өзбекстан, Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь), Таяу Шығыс (БАӘ, Сауд Арабиясы, Қатар, Мысыр және т.б.), Еуропа (Франция, Испания, Германия, Түркия), Азия (Жапония, Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея, Моңғолия), Латын Америкасы және Африка бар.

Айта кететін жайт, «Бақыт құшағында» фильмі Францияның кинофестивалінде көрсетілді.

Сондай-ақ оқыңыз