Декретте отырған жұмыссыз әкелерге еңбек өтілі есептеледі

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: shutterstock, биль-редактор Ахтам Зиперов

Сенат бір лауазымдағы қызметкерлерге тең жалақы төлеуді және әкелерге декреттік төлемдер тәртібін нақтылайтын заңды екі оқылымда қарап мақұлдады.

Заңға сәйкес, енді зейнетақы тағайындау кезінде жұмыс істемейтін әкенің бала күтімімен өткізген уақыты еңбек өтіліне есептеледі. Сондай-ақ бір қызметтегі қызметкерлердің жалақы айырмашылығына шектеу енгізіледі.

Әкелерге жаңа мүмкіндік

Заң депутаттардың бастамасымен әзірленген. Жаңа өзгерістер әкелердің де бала күтіміне белсенді қатысуына жол ашады. Бала күтімімен отырған уақыт еңбек өтіліне қосылып, болашақ зейнетақыға әсер етеді.

«Осы орайда заң қолданыстағы Еңбек кодексіне, Әлеуметтік кодекске, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы, Рұқсаттар және хабарламалар туралы, сондай-ақ Мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді»,  –  деді сенатор Руслан Рүстемов.

Жалақы, еңбек және ереуіл тәртібі өзгереді

Заң аясында жұмыс берушілерге еңбек функциясын атқаратын адамдармен азаматтық-құқықтық шарт жасасуға тыйым салынады. Сонымен қатар ұжымдық шартта жалақы айырмашылығының шегі, еңбек қауіпсіздігі, өндірістегі жазатайым оқиғаларға қатысты төлемдер сияқты талаптар нақтыланады.

Сондай-ақ ереуіл өткізу тәртібі де реттеледі. Атап айтқанда, татуластыру комиссиясының жұмысына делдал тарту, қауіпті өндіріс орындарында міндетті қызмет көлемін сақтау және ереуіл кезінде тоқтатылмайтын өндірістер тізімін нақтылау көзделген.

Бұған дейін әкелер қалай декретке шыға алатынын туралы материал шыққан.

Сондай-ақ оқыңыз