Halyk Bank-тың өзбекстандық Click-ты сатып алуға қатысты мәмілесі бұзылды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: Spot

Halyk Bank-тің өзбекстандық Click төлем жүйесін сатып алу жөніндегі мәмілесі жүзеге аспады. Дегенмен екі тарап ары қарай да келіссөз жүргізуді жалғастырып жатыр. Бұл жайлы Halyk Bank акционерлерінің кезекті жиынында қабылданған құжатта жазылған.

2025 жылғы 23 шілдеде Банк «Click» АҚ-ның 49% акциясын сатып алу және өзінің Өзбекстандағы еншілес құрылымы – «Tenge Bank» АТБ-ның 49% үлесін «Click» акционерлеріне сату туралы стратегиялық келісімге отырды. 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік жарияланған сәтке қарай транзакциялық құжаттардың мерзімі өтіп, мәміле аяқталған жоқ. Қазіргі уақытта тараптар алдағы ынтымақтастықтың нұсқалары мен шарттарын қарастыруды жалғастырып жатыр», – деп жазылған материалда.

Click – Өзбекстандағы ең танымал төлем жүйелерінің бірі. Қазір оның 20 миллионнан астам қолданушысы бар.

Halyk Bank бұл ұйымды сатып алып, оған Өзбекстандағы өзінің еншілес ұйымы Tenge Bank-ті сататыны туралы былтыр жазда хабарланған. Click-ті сатып алу туралы мәміле құны – 176,4 миллион доллар, ал Tenge Bank 60,76 миллион доллар деп бағаланды.

Былтыр күзде бұл мәмілені орындауға Қаржы нарығын реттеу агенттігі де келісім берген еді.

Сондай-ақ оқыңыз