Шавкат Рахмонов балаларынан бас тартты ма: әйелі мәлімдеме жасады

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмонов даулы оқиғаның ортасында қалды. Оның бұрынғы жұбайы Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желілерде эмоцияға толы мәлімдеме жасады.
Жазбасында ол ажырасқаннан кейін балалардың өзімен қалғанын айтып, олардың әкесі балалардың тәрбиесіне араласудан бас тартқанын меңзеді.
«Айтады ғой, ажырасқаннан кейін балалар тек анасына керек деп. Бүгін ол балаларынан бас тартып, «бәрібір олар анасына тартады» деді. Мен ешқашан осындай қамқор әке бір күні «балаларды енді әкелме» деп айтады деп ойламаппын. Мен төрт бала тудым, алда әлі талай қиындық бар екен. Егер балалар әкесіне керек болмаса, демек, ол да балаларға керек емес. Алла маған оларды өсіріп, асырауға күш берсін», – деп жазды Рахмонова.
Айта кетейік, 2025 жылдың жазында Алматы – Екатеринбург тас жолының 299-шақырымында ауыр жол-көлік апаты болған еді. Апат салдарынан екі адам қаза тауып, Рахмоновтың әйелі мен ұлы жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Қазіргі уақытта Шавкат Рахмонов бұрынғы жұбайының мәлімдемесіне қатысты ресми түрде пікір білдірген жоқ.