Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтап, ел бірлігі мен рухани құндылықтардың маңызын атап өтті.
Президент бұл мейрамның мұсылман қауымы үшін орны ерекше екенін жеткізді.
Ораза айт – рухани тазару мен сабырлықтың, мейірімділік пен жанашырлықтың айқын көрінісі. Отыз күн ораза тұтқан жұрт иманын күшейтіп, төзімін шыңдайды, айналасына қамқорлық танытып, мұқтаж жандарға көмек қолын созады, делінген хабарламада.
Президент құттықтауында ұлттық дәстүр мен діннің қоғамдағы рөліне де тоқталды. Ата дәстүр мен асыл дін елдің бірлігін бекемдеп, қоғамдағы береке мен татулықты арттыруға қызмет ететінін айтты.
Биылғы айт мерекесінің Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келуінің символдық мәні зор екені ерекше аталды. Мемлекет басшысы мұны ел дамуының жаңа кезеңімен байланыстырды.
Сондай-ақ Президент халықтың жаңа Конституцияны қолдау арқылы тарихи таңдау жасағанын атап өтті. Бұл қадам Қазақстанды әділеттілік пен өркендеу жолына бастайтынын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзін ел азаматтарына денсаулық, бақ-береке және табыс тілеп аяқтады. Сонымен қатар еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығының маңызын тағы бір мәрте еске салды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Тоқаев Алматыдағы Ұлттық университетке келгенін туралы жазған едік.