Алатауды басқаратын Кеңес құрамында кімдер болады

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: kursiv.media мұрағаты

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында талқыланған Алатау қаласының арнаулы режимі туралы конституциялық заң жобасына сәйкес, қаланы Кеңес басқарады. Осы ретте Kursiv.Media тілшісі Кеңес құрамына кімдер кіретінін вице-премьер Қанат Бозымбаевтан сұрады.

Бозымбаевтың айтуынша, кеңес құрамын Президент белгілейді.

«Оған шетел азаматтары, ең мықты мамандар кіреді. Шетел басшылығына қала өтіп кетпейді. Шетел мамандары, сәулетшілер, технологтар келеді. Себебі дамыған мемлекеттерде ең мықты мамандар бар. Ақша төлеп сол мамандарды тартатын боламыз», – деді ол.

Вице-премьер сонымен қатар оның құрамына премьер-министр, Құрылтай төрағасы мен Ұлттық банк төрағасы кіретінін айтты.

Айта кетейік, бүгін Парламент депутаттары бірінші оқылымда «Алатау қаласының арнайы режимі туралы» Конституциялық заң жобасын қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыз