«Қазақтарға тән жанр»: Бозымбаев вице-президент болу туралы сұраққа жауап берді
Жарияланды

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев «вице-президент болғыңыз келе ме?» деген сұраққа жауап берді.
Айтуынша, қазір де басшылық қызмет атқарып отыр.
«Конституция бойынша президент жаңа парламентпен келісіп, шешім қабылдайды. (…) Бізде үйреншікті жағдай, халық осылай талқылайды. Мен үш рет әкім болды. Қызметке барған соң үш айдан өткенде «қайда барады?», «орнына кім келеді?» деп талқылай бастайды. Бұл – қазақстандықтарға тән жанр. Бұған мән бермеймін, өз жұмысыңды істей беру керек», – дейді Бозымбаев.
Айта кетейік, Қазақстанда вице-президент болады. Мұны Ұлттық құрылтайда президент ұсынды. Содан кейін 15 наурызда өткен референдум нәтижесінде қабылданған жаңа Конституцияға бұл қызмет ресми түрде енгізілді.