Өскеменде бұрынғы қызын видеоға түсіріп, желіде жариялаған жігіт жазаға тартылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі

Прокуратура Қылмыстық кодекстің 115-1-бабы яғни, адамды заңсыз қудалау (сталкинг) бойынша қылмыстық іс қозғаған.

YK-news.kz ақпаратына қарағанда, тергеу нұсқасына сәйкес, қала тұрғыны бұрын қарым-қатынаста болған қызды қудалаған. Оны жұмыс орнының маңында аңдып, қоғамдық орындарға барып жүрген, келісімінсіз ұялы телефонға түсіріп, видеоларды әлеуметтік желілерде жариялап, ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін пікірлер қалдырған.  

Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

«Қала прокуратурасы адам қарым-қатынас жасаудан бас тартқанын ашық білдірсе, кез келген мазасыз әрекет немесе қудалау қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін ескертеді», – деп атап өтті ведомство.

Жалпы елімізде жұбайының қыр соңынан қалмаған 51 адам қылмыстық жауапқа тартылғаны хабарланды.

Сондай-ақ оқыңыз