Әлемдік көшбасшылар Тоқаевты Ораза айт мерекесімен құттықтады

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Әлемдік көшбасшылар Тоқаевты Ораза айт мерекесімен құттықтады / Фото: Shutterstock

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына мұсылмандардың қасиетті мерекесі — Ораза айтқа орай шет елдердің көшбасшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келіп түсуде, деп хабарлайды Ақорда.

Құттықтау жолдағандардың қатарында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд және Мұрагер ханзада Мұхаммед бен Салман бар.

Сондай-ақ құттықтауларды БӘӘ және Мысыр президенттері, Иордания Королі, Палестина Президенті, Үндістан және Пәкістан премьер-министрлері, Ливия басшысы, сонымен қатар Татарстан Раисы Рустам Минниханов, ИЫҰ Бас хатшысы Хиссейн Брахим Таха және Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Қубанышбек Өмірәлиев жолдады.

Құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсуде.

Сондай-ақ оқыңыз