Атырауда қайтыс болған отбасының ісінде жаңа деректер пайда болды

Атырау облысы, Жангелдин ауылындағы отбасының өліміне қатысты жаңа деректер пайда болды. Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевті кісі өлімінен бөлек марқұмдардың мүлкін ұрлады деп те айыпталып отыр. Бұл жайлы Атырау облыстық полициясынан хабарлады деп жазады Orda.
Төрт адамды өлтірді деген күдікпен бұрын қамауға алынған 29 жастағы Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты ұрлық және алаяқтық баптары бойынша бөлек қылмыстық істер қозғалды. Атырау облыстық прокуратурасының мәліметінше, сөз мал сату және жәбірленушілердің мүлкін иемдену туралы болып отыр.
Сондай-ақ күдіктінің жұбайы – Ақбаян Мұқанғалиеваның бұл іске қатысы бар-жоғы тексерілуде. Соттың санкциясымен ол стационарлық сот-психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізу үшін мамандандырылған медициналық мекемеге орналастырылды. Кейінірек оның Алматыдағы Сот сараптамалары институтына жіберілуі әбден мүмкін.
Әзірге оның іс-әрекетіне құқықтық баға берілмегендіктен, оған қатысты бұлтартпау шарасы тағайындалмады.
«Күдікті А. Мұқанғалиева соттың санкциясымен сот-психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізу үшін мамандандырылған медициналық мекемеге орналастырылды. Сараптама қорытындылары алынғаннан кейін түпкілікті құқықтық баға беріледі», – деп хабарлады Атырау облысының прокуратурасы.
Ведомство тергеу мерзімі тергеу амалдарының көлемі мен сараптама нәтижелеріне байланысты екенін айтып, тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырды.
Осыған дейін полиция күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевның ісіне тұрмыстық жанжал себеп болуы мүмкін деп хабарлаған.