Колумбияда әскери ұшақ апатқа ұшырап, қаза болған адам саны 66-ға жетті – БАҚ

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: bbc

Колумбияда C-130 Hercules әскери-көліктік ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан 66 адам қаза тапты.

«Қазір Пуэрто-Легисамо ауданындағы әуе апатынан кейін 66 адамның қаза тапқаны расталды. Олардың 58-і – Ұлттық армия қызметкерлері, 6-ы – Колумбияның Әуе-ғарыш күштерінің, ал екеуі – Ұлттық полицияның өкілі», – делінген Caracol радиостанциясының X желісіндегі блогында.

БАҚ мәліметінше, апатқа ұшыраған ұшақ бортында бұрын айтылғандай 125 емес, жалпы 128 әскери қызметкер болған.

Колумбияның Әуе-ғарыш күштері дүйсенбі күні әскери-көліктік C-130 ұшағы Путумайо департаментіндегі Пуэрто-Легисамо ауданында ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай апатқа ұшырағанын хабарлады. Апаттың себептері әзірге анықталған жоқ, тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Caracol радиостанциясы дереккөздерге сілтеме жасап, 48 адамның қаза тапқанын хабарлаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз