Сауд Арабиясы мен БАӘ Иранмен соғысу қаупі алдында тұр – WSJ

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: reutersconnect

Эр-Рияд АҚШ-қа «Король Фахд» авиабазасын пайдалануға рұқсат беріп, әскери іс-қимылдарға қатысу туралы шешім қабылдауға жақындап отыр. БАӘ Дубайдағы ирандық мекемелерді жапты және иран активтерін бұғаттауға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды The Wall Street Journal.

The Wall Street Journal мәліметінше, Парсы шығанағындағы АҚШ одақтастары Иранға қарсы қақтығысқа біртіндеп тартылып жатыр. Шабуылдар аймақ елдерінің экономикасына қысым жасап, Тегеранның Ормуз бұғазына бақылауын күшейту қаупін арттырған.

Бұған дейін Эр-Рияд өз аумағын Иранға қарсы соққы үшін пайдалануға қарсы болған. Қазір ұстаным өзгеріп отыр.

Дереккөздердің сөзінше, тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман енді тежеу тетігін қалпына келтіруге ұмтылып отыр және әскери іс-қимылдарға қатысу туралы шешім қабылдауға жақын. «Бұл тек уақыт мәселесі» деген олардың бірі.

«Сауд Арабиясының ирандық шабуылдарға қатысты төзімі шексіз емес. Парсы шығанағы елдері жауап бере алмайды деген кез келген сенім – қате есеп», – деп мәлімдеді корольдіктің сыртқы істер министрі Фейсал бен Фархан өткен аптада.

БАӘ Иран активтерін шектеп жатыр

Өз кезегінде Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) Иран активтерін шектеу шараларын бастап, Тегеран басшылығының маңызды қаржылық көзін жабу қаупін төндіріп отыр. Сонымен қатар, қақтығысқа әскери тұрғыдан қатысу мүмкіндігі де талқылануда. Дубайда Иран ауруханасы мен Иран клубы жабылды – билік олардың «БАӘ заңнамасын бұза отырып, режим мен КСИР мүддесіне пайдаланылғанын» мәлімдеді.

Көптеген жылдар бойы иран бизнесі үшін қаржылық хаб қызметін атқарып келген БАӘ иран активтерінің миллиардтаған долларын бұғаттауы мүмкін екенін ескертті. Бұл қадам Тегеранның шетел валютасына және жаһандық сауда желілеріне қолжетімділігін айтарлықтай шектеуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз