Танымал түрік актрисасына есірткіге қатысты айып тағылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ханде Эрчел / фото: Instagram
Ханде Эрчел / фото: Instagram

Түркияда есірткіге қатысты жүргізіліп жатқан тергеу операциясы аясында танымал тұлғаларға қатысты іс қозғалды.

Haberler ақпаратына қарағанда, оның ішінде танымал түрік телехикаяларында ойнаған актриса Ханде Эрчел де бар. Оны ұстау туралы шешім шығарылған. Ханде Эрчел бұған қатысты мәлімдеме жасады. Ол оқуына байланысты шетелде жүргенін, жауап беру үшін Түркияға оралатынын жеткізді.

«Мен өз елімді сүйетін, мемлекетіме және түрік сот жүйесіне сенетін адаммын. Бұл жағдайдың жақын арада анықталатынына сенемін», – деді Ханде Эрчел.

Ыстанбұл прокуратурасы жүргізіп жатқан есірткі ісі бойынша танымал тұлғаларға қатысты тергеу барысында қаланың есірткіге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері «Бешикташтың» бұрынғы президенті Фикрет Орман мен «Галатасарайдың» бұрынғы президенті Бурак Эльмасты ұстады.

16 күдіктіге қатысты ұстау туралы шешім шығарылған. Оның ішінде Хакан Сабанжы, Керим Сабанжы, актриса Ханде Эрчел, модель Дидем Сойдан және тележүргізуші Гюзиде Дюран да бар.

Бір мезгілде жүргізілген операция барысында 14 күдікті ұсталып, тағы 2 адамға қатысты ұстау туралы қаулы шықты.

Айта кететін жайт, түрік телехикаялары адамды аздыратынын айтып, психологтар дабыл қаққан еді.

Сондай-ақ оқыңыз