YouTube пен Instagram дизайны тәуелділік тудырады деп танылды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
инстаграм, ютуб, тикток
фото: ашық дереккөзден

Лос-Анджелестегі алқабилер соты Meta (Facebook пен Instagram иесі) және Alphabet (Google мен YouTube иесі) компанияларын 20 жастағы бойжеткенге 4,2 млн доллар өтемақы төлеуге міндеттеді. Сондай-ақ олар 1,8 млн доллар айыппұл төлеуге тиіс. Платформалар дизайы әлеуметтік желіге тәуелділік тудыратындай етіп жасалды деп айыпталған.

Желі қолданушысы YouTube пен Instagram-ның тәуелділік тудыратын ерекше дизайнына байланысты сотқа жүгінген. Алқабилер корпорациялардың бұл платформалардың дизайнын әзірлеуде салғырттық танытқанын және қолданушыға ол қауіп туралы ескертпегенін мойындады. TikTok пен Snapchat платформалары да бұл іс бойынша жауапкер ретінде тартылған, бірақ олар процесс басталмай тұрып соттан тыс келісімге келді.

Өз кезегінде Meta да, Alphabet те сот шешімімен келіспейді, шағым түсіруге ниетті. Meta заңгерлері бойжеткеннің психологиялық мәселелері әлеуметтік желіге тәуелділіктен емес, отбасындағы күрделі жағдайдан туындаған деп есептейді.

Былтырдан бастап бірнеше ел әлеуметтік желіден туындайтын тәуелділіктің қаупі жайлы дабыл қағып, жасөспірімдердің пайдалануына тыйым салмақшы. Қазір Ұлыбритания мен Франция заң жобасын талқылап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз