Қазақстанда гибрид және электромобильдер саудасы төрт есе өсті

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: kursiv.media архиві

Қазақстандағы жаңа энергия көздерін пайдаланатын автомобильдер (NEV) нарығы қарқынды өсім көрсетуде. «Қазақстанның Автокөлік Одағының» (ҚАО) мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы екі айында ресми дилерлер осындай 708 көлік сатқан. Бұл өткен жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 4,2 есе көп.

Гибрид көліктерге сұраныс артты

Биыл қосымша қуатталатын гибрид көліктерге сұраныс күрт өсті. NEV сегментіндегі 708 сатылған автокөліктің 438-і гибридтер болса, тек 270 ғана толық электрлі көліктер.

«Жаңа энергия көздеріндегі автокөліктер әлемдік нарықта өз позициясын біртіндеп нығайтып келеді. Қазақстанда да электромобильдер сатып алушылар үшін тартымды әрі практикалық таңдау болуда. NEV үлесі алдағы уақытта өсе береді, алайда жақын жылдары толық электрлі көліктер нарықтың едәуір бөлігін әмбебап гибридтерге беруі мүмкін», – деп мәлімдеді ҚАО президенті Анар МАҚАШЕВА.

Қытайлық брендтердің үлесі жоғары

Марка бойынша рейтинг тізімінде барлығыда Қытай брендеріне тиесілі. Көшбасында BYD тұр. Бұл модельдің 428 көлігі сатылған. Екінші орынға жақында ғана ресми түрде елге кірген Li Auto жайғасты (164 бірлік). Алғашқы үштікті Zeekr түйіндеп тұр (42 бірлік). Сондай-ақ топ-5 құрамына Geely Galaxy және ROX кроссоверлері кірді.

Дереккөз: ҚАО

Ең танымал 10 модель

Белгілі бір модельдер арасында қазақстандықтар көбінесе гибридтік кроссовер BYD Song Plus DM-i таңдауда. Ең танымал топ-10 келесідей:

  • BYD Song Plus DM-i – 127 бірлік
  • BYD Yuan Up (электро) – 121 бірлік
  • Li L6 (гибрид) – 102 бірлік
  • BYD Chazor (гибрид) – 87 бірлік
  • BYD Song Plus EV (электро) – 63 бірлік
  • Li L7 (гибрид) – 41 бірлік
  • BYD Sealion 7 (электро) – 27 бірлік
  • Geely Galaxy EX5 EM-I (гибрид) – 25 бірлік
  • ROX 01 (гибрид) – 20 бірлік
  • Zeekr X (электро) – 20 бірлік

NEV (New Energy Vehicles) – дәстүрлі бензин немесе дизельдің орнына баламалы энергия көздерін пайдаланатын автокөліктер. Оларға электрлокөліктер, розеткадан қуатталатын гибридтер, сондай-ақ тек аккумуляторды зарядтауға арналған генератор ретінде жұмыс істейтін іштен жану қозғалтқышы бар ұзартылған жүріс қоры бар электр көліктері жатады.

Еске салайық, Қазақстанда қытайлық BYD автокомпаниясының жаңа BYD Seal 6 DM-i көлігі ресми түрде сертификатталды. Атауы халықаралық нұсқамен бірдей болғанымен, Қазақстан нарығына арналған модель көлемі ұлғайтылған әрі техникалық сипаттамалары жақсартылған гибридті седан болмақ.

Сондай-ақ оқыңыз