Алматыда әл-Фараби даңғылында әйелді көлік қағып кетті

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
полиция
Қылмыстық іс қозғалды / Фото: Shutterstock

Алматыда әл-Фараби даңғылында әйелді көлік қағып кетті. Жергілікті полицияның хабарлауынша, әйел алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.

Оқиға 25 наурыз сағат 22:50 кезінде болған.

«Mitsubishi Delica автокөлігінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылы бойымен шығыс бағытта келе жатып, Розыбакиев көшесінің қиылысында жолды солтүстік бағытта кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол апаты салдарынан әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды», – деп хабарлады полиция.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бұған дейін Әл-Фараби даңғылындағы жол апатынан үш адам қайтыс болды.

Сондай-ақ оқыңыз