Астана-Семей бағытындағы пойыздарда интернет пайдалануға болады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Казахстанцы могут получить скидку на проезд в поездах, но не в праздники
фото: ашық дереккөзден

Енді Астана-Семей бағытындағы пойызда интернет пайдалануға болады. Транстелеком «Цифрлық вагон» пилоттық жобасын іске қосқанын хабарлады.

Қазір жоба екі вагонда жүзеге асырылып жатыр. Жолаушылар интернетке қосылып, фильм мен сериал көре алады, кітап оқып, ойын ойнап, басқа да ақпаратқа қол жеткізе алады. Интернетке қосылу үшін QR-кодты сканерлеп, телефон нөмірді енгізіп, SMS арқылы кіруді растау керек.

Барлық қызметтер тегін.

«Бұл жоба сапарды жайлырақ етіп, жолдағы цифрлық мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған. Пилот нәтижесіне қарай жоба ауқымын кеңейту жоспарланып отыр», – деп хабарлады компания.

Бұған дейін былтыр күзде «Астана – Арқалық» бағытындағы пойызда Starlink интернеті іске қосылған.

Сондай-ақ оқыңыз