10 000 теңгелік ескі банкноталарды пайдалану мерзімі тағы ұзартылды

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: shutterstock

Ұлттық банк 10 мың теңгелік ескі банкноталардың жаңамен айналымда қатар жүру мерзімін бір жылға, яғни 2027 жылғы маусымға дейін ұзартатынын хабарлады.

ҰБ мәліметінше, шешім Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының ұсынысын ескере отырып қабылданып отыр. Ескі үлгідегі банкноталарды есеп айырысу кезінде қосымша бір жыл ішінде пайдалану мүмкіндігін, сондай-ақ оларды жаңа үлгідегі банкноталарға кезең-кезеңмен ауыстыруды көздейді.

«Ұлттық банк «Сақ стилі» сериясымен шығарылған жаңа банкноталарды кезең-кезеңімен шығаруды жалғастыруда, оның аясында ескі үлгідегі банкноталарды жаңасына рет-ретімен ауыстыруды қамтамасыз ететін айналымда қатар жүру механизмі қолданылады», – делінген хабарламада.

Ол кезең аяқталған соң барлық банктер мен «Қазпошта» АҚ ескі үлгідегі банкноталарды жаңа үлгідегі банкноталарға тағы 3 жыл бойы, ал Ұлттық Банктің филиалдары мерзімсіз айырбастайды.

Жаңа және ескі үлгідегі банкноталар айналымда қатар жүрген кезеңде заңды төлем құралы болып қала береді. Олар ҚР бүкіл аумағында белгіленген құнына сай барлық төлемдер мен аударым түрлерін жүзеге асыруға, банк шоттарына аудару үшін қабылдануға жатады.

Айта кетейік, 10 мың теңгелік ескі және жаңа банкноталардың қатар айналыста болу мерзімі 2026 жылдың маусымында аяқталуға тиіс болатын

Сондай-ақ оқыңыз