Қарағандыда әйел мен баланың мәйіті табылды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
қылмыс кісі өлтіру пышақтау
Күдіктінің кім екені белгілі / фото: shutterstock

Қарағанды қаласындағы пәтерлердің бірінде бір әйел мен оның кәмелет жасқа толмаған қызының мәйіті табылды. Оларды зорлықпен өлтірген болуы мүмкін.

Қайғылы оқиға 26 наурызда Крылов көшесіндегі көп қабатты үйлердің бірінде болған. Пәтерден 38 жастағы әйел мен оның 12 жастағы қызы табылған.

«Олардың денелерінде зорлық белгілері қалған. Болған жайтқан байланысты қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаменті.

Тергеу жүріп жатыр. Полиция мәліметінше, күдіктінің кім екені мәлім. Қазір оны ұстау амалдары қолға алынған.

Марқұмның көршілерінің айтуынша, оларды әйелмен бірге тұрған ер адам өлтірген болуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын – 26 наурызда Өскеменде 16 жастағы қызды пышақтап кеткен.



Сондай-ақ оқыңыз