Әскерде сексуалды зорлық көрдім деген жігіт алаяқ болып шықты

Әскерде сексуалды зорлық көрдім деген жігіт алаяқ болып шықты. Ол бұл туралы Threads-те жазған.
Polisia.kz ақпаратына қарағанда, қазақстандықтардың дені әскердегі сексуалдық зорлық туралы ойдан шығарылған оқиғаға сеніп қалды.
«Астанада алаяқтық және жалған ақпарат тарату күдігімен 23 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Threads әлеуметтік желісінде анонимді аккаунттан жазба қалдырған белгісіз қолданушы әскери қызмет барысында сексуалдық зорлыққа ұшырағанын және қазір қудалаудан қорқатынын мәлімдеген», – делінген хабарламада.
Оның айтуынша, ол бір жыл бұрын әскерден оралған, бірақ басынан өткен сұмдық оқиғаны әлі күнге дейін ұмыта алмай жүр. Жазба авторы командирі қорқыту арқылы өзін сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрледі деп сендірген. Полиция бұл оқиғаның жалған, ойдан құрастырылғанын анықтады.
Мұның алдында Семей тұрғыны жүргізуші куәлігін алуға көмектесемін деген алаяққа алданған еді.