«Жасыл даму» мемлекетке 27,7 млрд теңге дивиденд төлейді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
«Жасыл Даму» мемлекетке қомақты дивиденд төлейді / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

«Жасыл Даму» компаниясы мемлекет бюджетіне 28 млрд теңгеге жуық дивиденд төлейді.

2025 жылы компанияның таза пайдасы 39,5 миллиард теңгеден асқан. Акционердің бекіткен жоспарына сәйкес, бұл қаражаттың басым бөлігі, яғни 70 пайызы (шамамен 27,6 млрд теңге) республикалық бюджетке аударылады, ал қалған 30 пайызы (шамамен 11,8 млрд теңге) компанияның өз дамуына қалады.

Осы шешім аясында компанияның әрбір жай акциясы үшін 95 812 теңге көлемінде дивиденд төлеу белгіленді.

Аталған қаражат бұйрыққа қол қойылған күннен бастап 10 күн ішінде мемлекет қазынасына толықтай аударылуы тиіс.

Сонымен қатар, жиын барысында Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелеріне төленген сыйақы мөлшері туралы есеп бекітілген. Бұйрықтың орындалуын Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев тікелей қадағалайды.

Айта кетейік, елде утильалым жинау ісімен бірнеше жыл Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаеваның бизнесімен байланысты жеке «Оператор РОП» айналысып келді.

2022 жылдың қаңтарында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша утильалымды әкімшілендіру қызметі «Жасыл даму» мемлекеттік компаниясына берілді. Бұл компания қауіпті қалдықтарды кәдеге жаратуға маманданған.

Сондай-ақ оқыңыз