Иран мұнай экспортынан күніне 139 миллион доллар табыс тауып отыр

Соғыс басталғалы бері Иранның мұнай экспорты құлдыраған жоқ, керісінше, оның бағасы айтарлықтай өсті. Сонымен қатар, ел танкерлері Ормұз бұғазы арқылы кедергісіз өтетін Таяу Шығыстағы жалғыз шикізат өндіруші болып қала бермек.
Экспорт көлемінің тұрақтылығы мен әлемдік бағаның жоғарылауы елге миллиондаған доллар қосымша табыс әкеліп отыр. Бұған қоса, ирандық мұнайды сату кезіндегі жеңілдіктер (дисконттар) де азайған. Bloomberg агенттігінің Tankertrackers.com деректеріне сілтеме жасап хабарлауынша, наурыз айында Иран өзінің негізгі Iran Light маркалы мұнайын сатудан күніне 139 миллион доллар табыс тапқан. Бұл көрсеткіш ақпан айындағы орташа табыстан (115 млн доллар) шамамен 25 миллион долларға артық.
Сәрсенбі күні теңіз барлауымен айналысатын Windward компаниясы ирандық шикі мұнай экспортының салыстырмалы түрде тұрақты екенін мәлімдеді. Вашингтонның иран мұнайына қатысты санкцияларды жеңілдетуі жаңа сатып алушыларды (қытайлық жекеменшік мұнай өңдеу зауыттарынан бөлек) тартпауы мүмкін, бірақ бұл Brent маркасына қатысты жеңілдікті азайтып, иран мұнайының бағасын сөзсіз көтеріп отыр.
Назар аударарлық жайт, санкциялар мен күрделі халықаралық қысымдарға қарамастан, Иранның өндіріс көлемін 4 миллионнан астам деңгейде ұстап тұруы – нарықтағы еленбей қалмайтын маңызды фактор.