Жүз мың гектардан астам орман алқабы мемлекет есебіне алынды

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: kursiv.media мұрағаты

Ақтөбе облысының прокуратурасы қабылданған шаралардың нәтижесінде ауқымды орман алқабы мемлекет есебіне алынғанын хабарлады.
 
Ақтөбе облысының Табиғат қорғау прокуратурасы «Қазақстан Ғарыш Сапары» спутниктік мониторинг жүйесінің көмегімен іс жүзінде орманмен жабылған, бірақ есепке алынбаған жерлерді анықтады.

«Прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде Шалқар ауданында 22 мың гектар және Байғанин ауданында 95 мың гектар жер Байғанин орман шаруашылығының қарамағына берілді», – делінген Ақтөбе облысының прокуратурасы хабарламасында.

Жерге орналастыру рәсімдері аяқталғаннан кейін аталған жерлер орман қоры жерлеріне ауыстырылады. Нәтижесінде облыстың орман қорының аумағы 30 пайызға артып, 254 мың гектардан 371 мың гектарға дейін ұлғаяды, бұл ормандарды қорғау мен сақтауға қолайлы жағдай жасайды.

Сондай-ақ оқыңыз