Ресейде қазақ жұмысшылары күзетшілермен төбелесіп, полицияға түсті

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Ресейдің Ленинград облысы Усть-Луга кентіндегі төбелес
Усть-Луга қалашығындағы жаппай төбелес / фото: видеодан алынған кадр, inform.kz

26 наурызда Ресейдің Ленинград облысы Усть-Луга қалашығында қазақ жұмысшыларының қатысуымен жаппай төбелес болды. Жергілікті полиция ондаған адамды ұстады. Қазақстан сыртқы істер министрлігі көрші елдің құзырлы мекемелеріне хат жолдады.

Усть-Лугадағы жаппай төбелес барысында түсірілген видеолар әлеуметтік желілерде таралды. Солардың бірінде жеңіл көлік вахта қалашығындағы бір топ жұмысшы арасынан жүйіткіп өте шыққанын көруге болады.

Баспасөзде және желіде таралған мәліметтерге қарағанда, жаппай наразылық қарсаңында қазақ жұмысшылары мен жергілікті күзетшілер жанжалдасқан. Соның арты жаппай төбелеске ұласқан.

Оқиға орнына Ресей ұланы мен арнайы жасағы жеткізіліп, олар төбелеске қаптысушыларды ұстаған. Полиция бөліміне барлығы 31 адам түскен. Олардың нақты қаншауы қазақ азаматы екені әзірге белгісіз.

Мәліметтерге қарағанда, жұмысшыларды «Велесстрой» компаниясы жалдаған. Олар Усть-Лугада «Газпромға» еншілес компания үшін газ өңдеу кешенінің терминалын салып жүр.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі оқиға 26 наурызда болғанын растады. Министрлік компания басшылығымен Ресейдің құзырлы мекемелеріне ресми сұрау жолдады. СІМ осы мәселені ерекше назарда ұстап отырғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз