Медициналық туризм сарапшысы «Оқжетпес» шипажайының топ-менеджері болды

Бурабайдағы «Оқжетпес» мемлекеттік шипажайының директорлар кеңесі топ-менеджерледі тағайындады. Директорлар кеңесінің мүшесі болып халықаралық медициналық туризм жөніндегі сарапшы Кристина Кривец пен Kazakh Tourism директорлар кеңесінің төрағасы Әлихан Байдүйсенов сайланды.
«Оқжетпес» шипажайы жалғыз акционердің шешімімен Кристина Кривец пен Әлихан Байдүйсенов кеңес құрамына тәуелсіз директорлар лауазымына сайланды.
Осылайша, шипажайдың директорлар кеңесі енді бес адамнан тұрады. Олардың қатарында президент Іс басқармасы медициналық орталығы басшысының орынбасары Орынкүл Қазиева, шипажай басшысы Яков Стерлигов және Мемлекеттік мүлік комитеті төрағасының орынбасары Нұрмахан Әділбеков бар.
Кеңестің жаңа мүшесі Кристина Кривец – Қазақстандық медициналық туризм қауымдастығының президенті. Ол Қазақстанның келу және ішкі медициналық туризміне маманданған AlphaMedGroup компаниясының негізін қалаған және оны басқарады. Өзінің Instagram парақшасында Кривец клиникаларға сервис деңгейін Түркия мен Корея деңгейіне дейін көтеруге көмектесетінін атап өткен.
Шипажайдың тағы бір тәуелсіз директоры – Әлихан Байдүйсенов – Kazakh Tourism ұлттық холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарады. Ол көптеген жылдар бойы «ҚазМұнайГаз» және басқа да мемлекеттік компанияларда бизнес бағытында жұмыс істеген.
Айта кетейік, «Оқжетпес» шипажайы Қазақстан Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына тиесілі.