Астана – Павлодар автожолын қызыл су басты

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
жолды су басты
Көрнекі сурет: shutterstock

27 наурызда кешке «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы (Қосақ БӨП)» автожолының 117-шақырымында қызыл су жолға жайылды.

«Қазавтожол» мекемесінің мәліметінше, су шамамен 50 метрге жайылса, оның тереңдігі 15–20 см-ге жетті.

Жол қызметтері жағдайды бақылауда ұстап отыр. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жүр. Қазір жол төсемін нығайту және қалпына келтіру, сонымен бірге су ағынын реттеу мақсатында қорғаныс үйіндісін жасау жұмыстары атқарылып жатыр.

Көлік қозғалысы тоқтаған жоқ. Автокөліктер жиналып қалмады. Қауіпсіздікті арттыру мақсатында белгі беру бағаналары орнатылып, жолда тұрақты бақылау ұйымдастырылған.

Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Арнайы техника жұмылдырылды. Жол қызметтері тәулік бойы жағдайды бақылап, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүр.

Сондай-ақ оқыңыз