«Жарысқа дайындадым»: Павлодарда итті көлікпен сүйреген жүргізуші ұсталды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото. инстаграм парақшадан

Павлодарда өзі көліктің ішінде отырып, иттің қарғыбауын жібермей, машинаның жанында жүгіртіп қойған жүргізуші ұсталды. Бұл туралы Павлодар полициясы хабарлады.

Болған жағдайдың видеосын стендап әртіс Зарина Байболова парақшасында жариялады.

«Павлодарда «Lada» көлігінің жүргізушісі өзі көлік ішінде отырып, итін қарғыбаумен жетектеп келе жатыр. Қазақстанда итті көлікке байлап алып айдау деген жаңа «дәстүр» пайда болған ба? Мұндай қатыгездік, ақымақтық пен тасжүректік қайдан шыққан? Мұны бұдан басқа қалай атауға болатынын да білмеймін», – деп жазды ол.

Ит иесі жануарларға жауапкершілікпен қарау деген заң тәртібін бұзғаны үшін жауапқа тартылып, онымен профилактикалық әңгіме жүргізілген. Ол әрекетін итін жарысқа жаттықтырып жатырмын деп түсіндірді. Ал ит зорықпаған.

Сондай-ақ оқыңыз