Нарықта механикалық беріліс қорапты автокөліктер екі есе азайды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Механическая коробка передач, автомобили на механике, мкпп, механическая коробка, машины с механической коробкой
Фото: Shutterstock

Механикалық беріліс қорапты көліктер әлемдік нарықтан біртіндеп жоғалып жатыр. Мысалы, бес жыл бұрын Ұлыбританияда жаңа автокөліктердің 80%-дан астамында үш педаль болатын болса, 2026 жылға қарай бұл көрсеткіш минималды деңгейге дейін төмендеді. CarGurus деректеріне сәйкес, «механикалық трансмиссия» әуесқойлары үшін таңдау соңғы онжылдықта екі есеге азайды.

Автоматты берілістер нарықты жаулап алды

Ұлыбритания нарығында зерттелген 300 модельдің 225-і тек автоматты трансмиссиямен ұсынылады. 2026 жылы тек 67 модельде МКПП нұсқасы сақталған, ал бір жыл бұрын олардың саны 82 болған. Сонымен қатар, Mini және Honda сияқты брендтер Volvo, Mercedes-Benz, Tesla тәжірибесіне сүйеніп, өз модельдер қатарынан «механиканы» толығымен алып тастады.

«Соңғы онжылдықта жаңа автокөліктердің «механикада» шығуы екі еседен астам азайды. Дегенмен, бақылауды бағалайтын жүргізушілер үшін екінші нарықта әлі де кең таңдау бар», –  деп түсіндірді CarGurus UK бас редакторы Крис Кнапман.

Неліктен «механика» жойылып жатыр

Механиканың азаюуына бірден-бір себеп – автокөліктердің толықтай электрлік жүйеге өтуі. Гибридтер мен электромобильдер техникалық жағынан қолмен беріліс қораптарымен үйлеспейді. Сонымен қатар, қазіргі «автоматты» трансмиссияларды экологиялық талаптарға бейімдеу оңай әрі тиімді. Тіпті BMW M де М2 моделін «механика әуесқойлары үшін соңғы үлгі» деп мойындайды.

Қазақстанда МКПП әлі бюджет сегментінде және жол талғамайтын көліктер арасында кездеседі, бірақ «автоматтандыру» үрдісі де айқын байқалады. Тіпті Chevrolet Cobalt механикалық беріліс қорапымен ресми дилер сайтынан жоғалып кетті.

Қай модельдерде «механика» сақталған

Жалпы үрдіске қарамастан, жүргізушілерге арналған спорттық және драйверлік автокөліктер сегменті әлі де механикаға қызығушылық танытандырға мүмкіндік береді.

Бренд2026 жылы МКПП‑мен ұсынылатын модельдер
AudiA1, A3, Q2
BMWM2
CitroënBerlingo, C3, C3 Aircross
CUPRAFormentor, Leon
DaciaDuster, Jogger, Sandero Stepway, Sandero, Bigster
Fiat500, 500C
FordFocus, Kuga, Mustang, Puma, Ranger, Tourneo
HondaCivic Type R
HyundaiBayon, i10, i20, Kona, Tucson
JeepAvenger
KiaCeed, Picanto, Sportage, Xceed
MazdaCX‑30, CX‑5, Mazda 2, Mazda 3, MX‑5
MGMG3, HS, ZS
NissanJuke, Qashqai
Peugeot2008, 208
RenaultClio, Captur
SEATArona, Ibiza, Leon, Ateca
SkodaFabia, Kamiq, Karoq, Octavia, Scala
SuzukiIgnis, S‑Cross, Swift, Vitara
ToyotaAygo X, GR Yaris, Hilux
VauxhallAstra, Corsa, Mokka
VolkswagenGolf, Polo, Taigo, T‑Cross, T‑Roc, Touran, Transporter

«Механикамен» жаңа көлік сатып алу қымбат хобби түріне айналып бара жатыр десе болады. Көлікпен толық басқару сезімін қалайтындар үшін 2026 жыл – мүмкін, соңғы мүмкіндік.

Сондай-ақ оқыңыз