Үндістаннан келген «косметика» дәрі болып шықты

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Фото: t.me/dgdalmaty, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Алматы халықаралық әуежайының кеден қызметкерлері Үндістаннан келген 1,3 келі заңсыз дәрі-дәрмекті анықтады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құжат бойынша тауар косметика ретінде көрсетілген, алайда тексеру кезінде дәрі-дәрмектің 39 түрі табылды. Олардың құны 5 миллион теңгеге бағаланып отыр.

«Қазіргі уақытта тексеру жүріп жатыр, оның қорытындысы бойынша кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту туралы шешім қабылданады. Мұндай бұзушылықтар үшін 15 АЕК-тен басталатын айыппұлдар қарастырылған және тауар тәркіленуі мүмкін», — деп нақтылады МКД өкілдері.

Жалпы 2026 жылдың басынан бері кеденшілер құрамында есірткісі бар тауарларды заңсыз тасымалдаудың 17 жағдайын анықтады. Олардың жалпы салмағы – 26 келі. олардың жалпы салмағы шамамен 26 кг-ны құрайды.

Сондай-ақ оқыңыз