Енді жедел жәрдемнің қай жерде келе жатқанын картадан көріп отыруға болады
Жарияланды

Шымкент тұрғындары шақырған жедел жәрдем көлігінің қай жерде келе жатқанын картадан бақылап отыра алады. Денсаулық сақтау министрлігі, Шымкент әкімдігі және Yandex Qazaqstan-мен бірге осындай жоба бастады.
Бригаданың қызметін браузер картасынан, болашақта Яндекс Go қосымшасынан бақылай алады. Бұл диспетчерлерге түсетін жүктемені азайтуы керек дейді Yandex Qazaqstan жетекшісі Тимур Шалекенов.
Жедел жәрдем шақырғаннан кейін жүйе автоматты түрде SMS жібереді, ол жерде карта сілтемесі болады. Сілтемені ашып бригаданың қай жерде келе жатқанын бақылап отыруға болады.
Бастапқыда жаңа функция Шымкентте сынақтан өтеді, ал алдағы уақытта ол еліміздің барлық аймағында енгізілмек.