КҚК-ға жасалған шабуыл: «Бопсалау» бабы бойынша да тергеу жүріп жатыр

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: cpc.ru бильд-редактор: Серікжан Қобыланбаев

Каспий құбыр консорциумына (КҚК) жасалған шабуыл туралы жазбаларға қатысты «Бопсалау» бабы бойынша да тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді деп жазды NEGE басылымы.

«Аталған деректер бойынша Астана қалалық Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру) және 194-бабы 4-бөлігі (бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», – делінген ІІМ баспасөз қызметінің ресми жауабында.

Мәселенің мән-жайы

Былтыр қарашада украиналық ұшқышсыз ұшу аппараттары Каспий құбыр консорциумына шабуыл жасаған. Мәжіліс депутаты Айдос Сарым кейбір азаматтар ол шабуылды қолдап, пікір білдіргенін айтты.

Осыдан кейін қаңтарда Бас прокуратурада сотқа дейінгі тергеу басталды. Құзырлы орган өкілдерінің сөзінше, олар желідегі жазбалар мен пікірлердің авторларын анықтап, «Ұлт араздығын қоздыру» бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз