Еркебұлан Тоқтар: Қазақстандағы ең әлсіз адам менмін

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Еркебұлан Тоқтар / фото: KursivMedia мұрағаты
Еркебұлан Тоқтар / фото: KursivMedia мұрағаты

Еркебұлан Тоқтар өзін Қазақстандағы ең әлсіз жауынгер деп атады. Жеңілісіне қуанғандарға күле қарайтынын айтты.

Сонымен қатар, ол сәтсіздікке мойымайтынын айтып, жабырқап қалған жанкүйерлеріне басу айтты.

«Өзбекстан мен Қырғызстанда Қазақстандағы ең мықты адамды ұтып алғандай қуанып жатыр ма? Қазақстанда ең әлсізі мен! Ең әлсізді ұтып, қуанып жатса, мықтылар келсе, не болады? Бұған күлу керек», – деді Еркебұлан Тоқтар.

Еркебұлан Тоқтар соңғы жеңілісінен кейін еңсесі түспегенін, көңіл-күйі көтеріңкі екенін жеткізді.

Қасындағы достарын көрсетіп, олардың «сынып» қалғанын айтты.

«Өйткені, бұлар хейтті жүрегіне қатты қабылдайды. Хейт деген не? Біреулер айдалада отырып, сөз айтады. Батпаққа аунап келіп, саған үріп жатқан кішкентай мәшкі ит секілді. Ондай ит үрсе, әдетте, «қойшы» деп мән бермейсің. Күлесің де қоясың», – деді жауынгер.

Айта кететін жайт, Армения астанасы Ереванда өткен кезекті ММА турнирінде қазақстандық танымал актер әрі файтер Еркебұлан Тоқтар  қырғызстандық Марсель Нұрланбекұлына есе жіберген еді.

Сондай-ақ оқыңыз