Боралдайда пойыз бен жолаушылар автобусы соқтығысты, зардап шеккендер бар

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
ДТП автобус и поезд
Боралдайда пойыз бен жолаушылар автобусы соқтығысты, зардап шеккендер бар / Фото: Жасанды интеллект көмегімен жасалған

Боралдайдағы теміржол өткелінде пойыз жолаушылар автобусымен соқтығысып, үш адам зардап шекті, деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.

Төтенше жағдай 30 наурыз күні кешке Алматы – Боралдай – Шамалған станциясы автожолындағы теміржол өткелінде болған.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, көмір станциясынан келе жатқан пойыз өткел арқылы қозғалыс жасаған. Маршруттық автобустың жүргізушісі жол бермей, соқтығысуға жол берген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан түрлі жарақат алған үш адам медициналық мекемеге жеткізілді», – деп хабарлады полициядан.

Апатқа жол берген маршруттық автобустың жүргізушісі жауапкершілікке тартылды.

Полицияда ЖКО-ның барлық мән-жайларын анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз