Жетісу облысында жер сілкінді
Жарияланды

Жетісу облысында жер сілкінді. Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлауынша, жер сілкінісі 31 наурыз сағат 11:11-де тіркелді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 273 км қашықтықта орналасқан.
Эпицентр координаттары: 44.609º с.е., 79.709º ш.б.
Тереңдігі – 10 км.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.7.
Магнитудасы MPV – 5.4.
Ресми ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісі сезілді:
- Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласында – 2 балл;
- Жетісу облысы Текелі қаласы 2 – балл;
- Жетісу облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылы – 2 балл.
Зардап шеккендер мен ғимараттардың қирағаны туралы ақпарат жоқ.