FIFA Series: Қазақстан – Комор аралдары ойынын қайдан көруге болады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қазақстан – Комор аралдары ойынын қайдан көруге болады / фото: ҚФФ

Бүгін, 31 наурызда, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы FIFA Series турнирі аясындағы екінші кездесуін өткізеді. Талғат Байсуфинов шәкірттері Астана төрінде Комор аралдары құрамасын қабылдайды.

Қос ұжым арасындағы тартысты ойын елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Кездесудің басталуы жергілікті уақытпен сағат 17:00-ге жоспарланған. Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Турнирдегі қазіргі жағдай

FIFA Series – әртүрлі конфедерациялардың құрамалары арасындағы достық кездесулерді ілгерілетуге бағытталған жаңа жоба. Қазақстан құрамасы турнирді сәтті бастады: Алғашқы ойында Намибия құрамасымен кездесіп, 2:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, бұл турнирге «Челси» футбол клубы Дастан Сәтбаевты ұлттық құрама сапына жібермеген еді.

Сондай-ақ оқыңыз