Батыс Қазақстанда оқушылар мінген автобус апатынан 24 бала зардап шекті
Жарияланды

Батыс Қазақстанда оқушылар мінген автобустың қатысуымен болған жол апатынан жиырмадан астам бала зардап шекті.
Теректі ауданы Подстепное кентінде қоғамдық көлік пен оқушыларды таситын автобус соқтығысқан еді.
Облыс полициясының хабарлауынша, қоғамдық көлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Жергілікті Мой город редакциясының хабарлауынша, апат салдарынан 24 бала зардап шеккен. Оларға медициналық көмек көрсетілді.
Зардап шеккен 20 бала Подстепное кентіндегі №2 орта мектептің оқушысы. Қалған төртеуі екінші автобуста болған.